ТҰК дегеніміз не?
Тауарлардың ұлттық каталогы (ТҰК) – бұл тауарлардың атауын және олардың сипаттамаларын қалыптастырудың бірыңғай тәсілінің стандартталған анықтамалығы. Ол әр тауардың сандық паспорты болып табылады. Каталогта тауардың сауда атауы, тұтыну сипаттамалары және штрих-коды (GTIN немесе NTIN) бар.

ТҰК мақсаты – экономика салаларында қолдану үшін тауарлар номенклатурасын қалыптастыруға, оның ішінде тауарлардың бағаларын бақылау мен мониторингілеу сапасын жақсартуға және Қазақстан Республикасының инфляциясын талдауға арналған бірыңғай тәсіл.
GTIN және NTIN кодтары дегеніміз не?
ТҰК қолданудың артықшылықтары

Бизнес үшін

‣ Тауарлардың стандартталған номенклатурасының кең базасына қол жеткізу (236 санат, шамамен 3,5 млн позиция). Тауарлардың дайын номенклатурасын алу, тауар туралы мәліметтерді қолмен енгізуге кететін уақытты үнемдеу және шығынды қысқарту.

‣ NТІN кодтарын тегін ала отырып, тауарлардың жаңа позицияларын жылдам тіркеу (240-тан астам NTIN жасалған).

‣ Тауарлардың түпнұсқалығын растау. Егер өнім сканерленсе және оның штрих-коды танылса, онда бұл нақты өндірушінің түпнұсқа өнімі болып саналады.

Тұтынушылар үшін

‣ Қазақ тіліндегі мәліметтері бар фискалдық чектегі тауар туралы толық ақпаратты алу.

‣ Тауар сөресінде орналастырылған тауардың дәл сатып алынғанына көз жеткізу үшін чек бойынша сатып алуды қадағалау.

‣ Чек деректерін пайдалана отырып, телеграм-бот арқылы тауар туралы ақпаратты тексеру.

Мемлекет үшін

‣ Жиналатын фискалдық деректердің сапасын арттыру.

‣ Нақты және өзекті деректер негізінде бағаны тиімді басқару.

‣ Экономикалық шешімдер қабылдауға көмектесетін тауар айналымын талдау және болжау мүмкіндігі.
Біздің қызметтер

Тауарды тіркеу

GTIN көмегімен тауарларды оңай және жылдам тіркеу / NTIN штрих-кодын алу
Толығырақ

ТҰК-мен бірге біріктіруге арналған АРІ

Сіздің бизнесіңізді ТҰК-мен біріктіру үшін қол жетімді және ыңғайлы API
Толығырақ

Күнделікті тауарлардың номенклатурасы

Қажетті тауарлар номенклатурасын жүктеп алыңыз
Толығырақ

Тауарларды іздеу

Каталогтан тауарларды жылдам және ыңғайлы іздеу
Толығырақ
Байланыс деректері