Анықтама орталығы

Тауарларды цифрлық таңбалау

Тауарларды маркалау және қадағалау не үшін қажет?

Маркировка мен тауарларды қадағалаудың мақсаты – тауар айналымының есебін жүргізудің ашық жүйесін құру. Бұл жүйе заңды бизнесті қорғауға, заңсыз айналымның алдын алуға, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған, оларға сатып алынған өнімнің заңдылығын тексеру мүмкіндігін береді.

Маркаланған тауарлар дегеніміз не?

Бұл ұлттық маркалау жүйесінде қамтылған бірегей сәйкестендіру құралдары жазылған тауарлар.

DataMatrix дегеніміз не?

DataMatrix - бұл шаршы немесе тіктөртбұрыш түрінде орналасқан ақ-қара түсті элементтер тобы болып табылатын екі өлшемді матрицалық штрих-код. Ол сериялық нөмірлер, сәйкестендіру кодтары немесе сілтемелер сияқты мәтіндік ақпаратты кодтау үшін қолданылады және олардың сәйкестендірілуі мен қадағалануын қамтамасыз ету үшін тауарларға жапсырылады.

ТМҚ АЖ-да тауар айналымы туралы мәліметтерді беру қалай жүзеге асырылады?

Мәліметтер қатысушылар арасындағы тауарлардың қозғалысын тіркейтін қабылдау-беру актісі арқылы беріледі.

"Қазақтелеком" АҚ қандай құжаттың негізінде Бірыңғай маркалау операторы болып тағайындалды?

Бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.03.2020 ж № 95 Қаулысымен белгіленген.

Неліктен ТМҚ АЖ тіркеуден бас тарта алады?

Егер ЖСН/БСН деректері тіркеу ақпаратымен сәйкес келмесе немесе қатысушы тіркелмеген болса, бас тарта алады.

Тауарларды маркалау және қадағалау процестерін кім байланыстырады?

Осы саладағы басшылық пен байланыстыруға жауапты орталық атқарушы орган.

Маркалаумен жұмыс істеуге арналған қандай тегін қосымшалар бар?

Маркаланған тауарлармен жұмыс істеуге арналған үш тегін мобильді қосымша бар:
• Naqty Sauda Akt - қабылдау-тапсыру актілерін растау немесе қабылдамау үшін.
• Naqty Sauda Kassa - 2D сканері жоқ бөлшек сауда үшін.
• Naqty Оnim - тауардың заңдылығын тексеру және сатып алушылардың шағымдарын беру үшін.

Бөлшек сауда дүкеніне маркаланған темекі өнімдерін сату үшін не қажет?

ТМҚ АЖ-де тіркеліп, 2D-сканер сатып алу және БКМ қайта өзгерту қажет.

Егер БКМ DataMatrix кодын танымаса, не істеу керек?

ТҚКО-на жүгініп, қайта бағдарламалау жүргізу немесе номенклатураны өз бетіңізше жаңарту қажет.