Анықтама орталығы

Қазақтелеком Бизнес

Басқа дербес шотқа қате төленген ақшаны қайтара аламын ба?

Иә, «Қазақтелеком» АҚ пайдаланушылары қаражатты қайтару туралы өтінімді Ismet.kz-тің жеке кабинеті арқылы рәсімдей алады:
1. «Өтініштер» бөлімінде → «Қаражатты қайтару» тармағын таңдаңыз.
2. Растайтын құжаттарды тіркеңіз (төлем тапсырмасы, есепшоттың бар екенін растайтын анықтама және қажет болған жағдайда басқа құжаттар).
3. тінімнің жағдайын «Өтініштер» бөлімінен бақылаңыз. Қаражат өтінім өңделіп, белгіленген мерзімде есепшотқа қайтарылады.

Қол қойылған келісімшартты қайдан көруге болады?

Қол қойылған электрондық байланыс қызметтері туралы келісім жеке кабинеттегі «Құжаттар» бөлімінде орналастырылған.

Қаржылық құжаттар жеке кабинетте қашан жарияланады?

• Төлем шоттары: жеке кабинетте өзіңіз жасай аласыз.
• Орындалған жұмыстар актілері: қызметтер қосылғаннан кейін әр айдың басында автоматты түрде жасалады.
• Шот-фактуралар: қызметтер қосылғаннан кейін әр айдың басында автоматты түрде жасалады.
• Салыстыру актілері: жеке кабинет арқылы сіздің сұранысыңыз бойынша жасалады.
• Көрсетілген қызметтер бойынша шоттар: қызметтер қосылғаннан кейін әр айдың басында автоматты түрде жасалады.