docs.ismet.kz порталының басты бетін ашып, оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Кіру» батырмасын басып, порталға кіріңіз
Сол жақ мәзірден «+ Жаңа құжат» бөлімін таңдаңыз
Құжатты кімнен жіберілетінін таңдаңыз және файлдарды жүктеу аймағына сүйреп апарып немесе компьютерден таңдап жүктеңіз
Егер құжатқа қол қою қажет болса, «Қолтаңба сұрау» опциясын таңдаңыз. Егер қол қою талап етілмесе, бұл опцияны таңдамаңыз
Құжатқа тағы бір файл қосу үшін «Тағы құжатты қосу» батырмасын басыңыз
Құжат алушының ЖСН/БСН нөмірін және электрондық поштасын енгізіңіз. Қажеттілікке қарай «Алушыны қосыңыз» батырмасын басып, алушыларды шектеусіз қосуға болады
Құжатты кейінірек өңдеу үшін «Қаралымға сақтау» опциясын таңдауға болады. Қаралымға сақталған құжатқа қайта оралу үшін сол жақ мәзірдегі «Шимай хатта сақтау» бөлімін таңдаңыз
Барлық деректер толтырылғаннан кейін, «Қол қою және жіберу» батырмасын басыңыз
Құжатқа қол қою үшін ыңғайлы әдісті таңдаңыз, ЭЦҚ немесе eGov QR пайдаланыңыз
Егер жіберу сәтті орындалса, «Құжатқа қол қойылды және жіберілді» деген хабарлама шығады