Ең алдымен сіз ISMET.kz порталында тіркелгеніңізге және компанияны қосқаныңызға көз жеткізіңіз. Олай болса, нұсқаулыққа сенімділікпен кірісіңіз.
Оң жақ жоғарғы бұрышта шығатын мәзірді ашыңыз. Бұл үшін тышқанды компанияның логотипіне туралаңыз. «Құжаттар» тарауын таңдаңыз және тышқанның сол жақ батырмасына басыңыз.
Егер сізде дербес шотыңыз бар болса, онда барлық құжаттар осы тарауда автоматты түрде шығарылады. Сіз өзіңізге тіркелген барлық компаниялардың құжаттарын қарап шыға аласыз. Шығатын тізімнен дербес шотты таңдаңыз. Құжаттың түрін, есеп беру кезенің таңдаңыз және «Көрсету» батырмасын басыңыз.
Сіз осы кезеңдегі құжаттардың бүкіл тізімін көресіз. Осында құжаттарды жүктеуге, оларды электронды пошта арқылы жіберуге немесе ақысын төлеуге болады.
Құжаттарға қолтаңбаны қалай қою қажет?
Сізге қажетті құжатты таңдаңыз және оның нөмірін басыңыз.
Құжатты қарап шығу терезесі ашылады. Экранның жоғарғы бөлігінде «Қолтаңба қою» батырмасын басыңыз, сонда құжат оператордың жұмыс орнына жолданады.