Электрондық цифрлық қолтаңба дегеніміз не?
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) — қарапайым қолтаңбаның цифрлық түрі. Ол заңды түрдегі маңызды мәмілелер мен интернеттегі құпия операциялар үшін қолданылады. ЭЦҚ қағаздағы қолтаңба сияқты заңды күшке ие. ЭЦҚ файлы мен оның құпиясөзін ешкімге беруге болмайтынын есте ұстаған жөн.
ЭЦҚ қалай алуға болады?
ЭЦҚ алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Куәландыру орталығына онлайн-өтінім беру қажет: https://egov.kz/cms/ru/information/eds/getecpiio
NCALayer қосымшасы не үшін қажет?
NCALayer электрондық цифрлық қолтаңбамен жұмыс істеу үшін қажет. Бұл қосымша ЭЦҚ-мен жұмыс істеу кезінде үнемі қосулы болуы тиіс.
NCALayer қайдан жүктеуге болады?
NCALayer қосымшасын Ұлттық Куәландыру орталығының ресми сайтынан жүктеуге болады: https://pki.gov.kz/ncalayer/
NCALayer-ды қалай орнатуға болады?
NCALayer-ды орнату үшін пайдаланушының нұсқаулығын қолданыңыз:
• Қазақ тіліндегі нұсқаулық: https://pki.gov.kz/docs/nl_kaz/
• Орыс тіліндегі нұсқаулық: https://pki.gov.kz/docs/nl_ru/