Ismet сайты өз негізін қаланған күннен бастап Қазақстанның көптеген кәсіпкерлерінің сенімді серіктесіне айналды. Шағын және орта бизнеске арналған "Қазақтелекомның" цифрлық қызметтерін пайдаланудың ыңғайлы платформасы ретінде өз жұмысын бастаған болатын. Бірнеше жылда біз қызметтер спектрін едәуір кеңейттік.
Біз сервистік қызметті цифрлық форматқа ауыстырдық: енді сіз онлайн режимінде өтініш бере аласыз, бұл қызмет көрсету кеңселеріне баратын уақытыңыз бен қаражатыңызды үнемдейді. Жеке кабинетте тарифтік жоспарды өзгерту, төлем деректемелерін жаңарту, қайта рәсімдеу және т.б. сияқты қызметтер қолжетімді.
Биылғы мерейтойлық жылда біз мыналарды ұсындық:
Жаңартылған дизайн
Жылдамырақ, жақсырақ және ыңғайлырақ.
Ismet Docs
Ismet Market
Кәсіпкерлер өз тауарлары мен қызметтерін ұсына отырып, бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасай алатын алаң. Кәсібін жаңада бастағандар өз өнімдеріне деген сұранысты бағалау мүмкіндігіне ие болады, ал бизнеспен айналысатындар кәсібінің дамуына арналған инновациялық шешімдер табады.
Біздің басты міндетіміз - бұл платформаны бизнес үшін ең ыңғайлы және тиімді ету, біз оның функционалдығын дамытуды және жетілдіруді жалғастырамыз.
Пайдаланушыларымызға арналған тағы бір жағымды жаңалық
Ismet-тің 5 жылдығына орай Дмитрий Казанцевпен өтетін тегін вебинар. 2024 жылдың қаржылық секторында болатын барлық маңызды өзгерістер жайлы.
Бұл вебинарда Дмитрий Казанцев өз білімімен және тәжірибесімен бөлісіп, жақында енгізілетін өзгерістердің кейбір тұстарын талдап, сіздердің қойған сұрақтарыңызға жауап береді.
Төмендегі түймешені басып, үлгіні толтырған әрбір Ismet пайдаланушысы Дмитрий Казанцевтің "Салықтар туралы жалпақ тілмен айтқанда: жалпыға бірдей декларация" кітабын тегін алады.