2024 жылғы 07 қазанда Astana Hub-та «Қазақтелеком» АҚ серіктесі BTS Digital компаниялар тобына кіретін «Smart Cities» ЖШС-мен бірлесіп отандық дамудың 4 бұлтты қызметін іске қосты. Бұл шешімдер қазақстандық компаниялар мен мемлекеттік органдарға деректерді басқаруды жеңілдетуге, АТ ресурстарының құнын төмендетуге және шетелдік провайдерлерге тәуелділікті азайтуға көмектесу үшін жасалған. Қазақтелеком нарыққа Aitu.Cloud брендімен барлық 4 жаңа қызметті ұсынады.
Aitu.Cloud - бұл виртуалды инфрақұрылым мен құралдарды жалға алуға мүмкіндік беретін IaaS/PaaS бұлттық қызметтерінің жиынтығы бар платформа:
- цифрлық қызметтерді, қосымшаларды және ақпараттық жүйелерді құру мен жетілдіру;
- қолданыстағы виртуалды инфрақұрылымды кеңейту;
- қолданыстағы жүйелерді резервтеу;
- басқа да инфрақұрылымдық және ұйымдастырушылық мәселелерді шешу.
ф
Барлық жаңа қызметтер компанияларға өздерінің цифрлық өнімдері мен деректерін тиімді масштабтауға және басқаруға мүмкіндік береді. Бұл қызметтердің негізінде жатқан технологиялар басқарудың қарапайымдылығын және нақты бизнес мақсаттарына сәйкес жедел өзгерістерді қамтамасыз етеді.