«Құрметті салық органы, не болып жатқанын нақтылап түсіндіре аласыз ба?»

Dinara Kanzler
ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
4376
0 пікірлер

Арнаулы салық режиміне ҚР Салық кодексінің 679-бабына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген режимнен немесе "Патент" режимінен ғана өтуге болады. Бұл туралы ЖК ашқысы келетіндердің барлығына салық сарапшылары ЕСКЕРТЕДІ.


Егер сіз ЖК жеңілдетілген режимде ашсаңыз, онда арнайы салық режиміне көше алмайсыз. Бұл, мысалы, E-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істегісі келетін және жұмыс істей алатын бизнесін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін айтарлықтай кедергі болуы мүмкін.

Салық жөніндегі сарапшы және кеңесші Юлия Гречко өзінің Instagram-блогында осы жағдайға байланысты мәселемен оған қазақстандықтардың көпшілігі жүгінетіні туралы әңгімелейді.

"Аптасына 50-ден астам адам маған осы мәселемен келеді. Яғни, олар салық органына барғанда оларға ЖК жеңілдетілген режимде ашып береді де, содан кейін олар арнайы режимде жұмыс істей алмайды деп түк білмегенсіп жайбарақат отыра береді. Бұл кәсіпкерлерге жасалған қиянат! Яғни, салық органдарының қызметкерлері 686-1-бап туралы және 2022 жылдан бастап кәсіпкерлер мобильді қосымшада бизнес пен есептерді толық жүргізе алатындығы жайлы білмейді ме?",- деп сұрайды маман өзінің Instagram парақшасында.

Бизнес ашқысы келетіндердің барлығына сарапшы тарапынан шұғыл ұсыныстары: 

  • Қызмет түріне сәйкес қай салық режимінде жұмыс істеу тиімдірек болатынын талдау;
  • Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін (ЭҚЖЖ) мұқият зерделеу, әрбір жеке салық режимі бойынша өз талаптарын табу және қарап шығу, яғни қандай қызмет түрі қандай режимде жұмыс істей алатындығы жайлы;
  • Егер АСР қолдану мүмкіндігі болса, онда ЖК жалпы белгіленген режимде немесе "Патент" режимінде ашу қажет;
  •  ҚР Салық кодексін оқу немесе бухгалтерлік компаниялардың мамандарынан кеңес алу. 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін