Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін бақылау-кассалық машиналарын қайта бағдарламаламайтын салық төлеушілерге фискалдық деректер операторлары (ФДО) қызмет көрсетпейді. Бұл туралы ақпарат өткен аптада ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде жарияланды.
Осыған байланысты, ірі байланыс операторы - "Қазақтелеком" АҚ бизнеске көмек көрсетуге асығуда және жаңартылған хаттамада өзінің тегін мобильді кассасын әзірледі. "Қазақтелеком" АҚ клиенттері мен Android смартфондарының иелері Ismet.kz қосымшасын қазірден бастап жүктей алады. Қосымшаның барынша түсінікті де қарапайым функционалы бар, сондай-ақ кассаны пайдалану толығымен тегін болады.
Сізге МКК (2.0.2) жаңа Хаттамасына сәйкес келу және бұрынғы режимде жұмысты жалғастыру үшін кассалық аппараттарыңызды қайта бағдарламалаумен айналысудың қажеті жоқ. Қазақтелекомнан E-Kassa – бұл деректерді тіркеу және беру бойынша барлық соңғы және қажетті талаптарға сәйкес келетін БКМ болғандықтан, ол "Қазақтелеком" АҚ фискалдық деректер операторының серверімен тікелей біріктірілген және БКМ мемлекеттік тізілімінде 257 нөмірімен тіркелген.
Ismet.kz мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз, тегін кассаны қосыңыз және оны ағымдағы БКМ жаңартуға уақыт жұмсамай-ақ қазірден бастап пайдаланыңыз.
Мобильді қосымшаны мына жерден жүктеп алуға болады.
Тегін кассаны қосу туралы толық нұсқаулық мына жерде.
E-Kassa туралы толық ақпарат мында және мында.
БКМ – дан БКМ-дан ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беру бойынша БКМ-дан ФДО серверіне деректерді берудің жаңа бірыңғай ХАТТАМАСЫ туралы ақпарат - мында.