«ISMET.KZ» және «OOFD.KZ» ашық цифрлық платформасында шағын және орта
бизнеске арналған қызметтерге қол жеткізу үшін сайттарды
пайдалану тәртібі туралы жария офертаның үлгі шарты


«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) интернет желісінде https://oofd.kz және https://ismet.kz және олардың қосалқы домендеріндегі мекенжайларында орналасқан Оператордың сайттарын пайдалану тәртібін айқындайтын «ISMET.KZ» және «OOFD.KZ» ашық цифрлық платформасында шағын және орта бизнеске арналған қызметтерге қол жеткізу үшін сайттарды пайдалану тәртібі туралы жария офертаның осы үлгі шартын жасасу туралы ұсынысты кез келген мүдделі тұлғаның атына жариялайды.

 

1. Терминдер мен анықтамалар


Авторландыру деректері -
пайдаланушы Оператордың ресурстарына қашықтан қол жеткізе алатын және сайттарды толық функционалды пайдалануды бастай алатын логин/пароль және/немесе кіру кілті және/немесе осыған ұқсас өзге де ақпарат.

Контент – сайттардағы мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды (бейне) форматтарда ұсынылған, зияткерлік қызметтің нәтижесі болып табылатын немесе операторға немесе өзге тұлғаларға құқығы тиесілі болып табылмайтын және негізінен бизнесті құруға және/немесе дамытуға бағытталған кез келген ақпарат.

Дербес шот – көрсетілген қызметтердің көлемін, пайдаланушының қызметтерге ақы төлеу есебіне енгізген ақша қаражатының түсуін және жұмсалуын есепке алуға арналған оператордың талдамалық есепке алу құжаты.

Пайдаланушының жеке кабинеті (жеке кабинет) – сервистерді басқаруға және оператор мен пайдаланушы арасындағы қашықтан өзара іс-қимылға, сондай-ақ сервистерді пайдалану процесінде басқа да заңдық маңызы бар іс-қимылдарды жасауға арналған, авторизациялық деректерді пайдалана отырып қол жеткізуге болатын сайттардың клиенттік бөлімі.

Логин — пайдаланушының жеке кабинетке кіруі үшін пайдаланылатын латын әріптерінің, сандардың және символдардың комбинациясы.

Ашық цифрлық платформа (бұдан әрі – АЦП) – жеке (оның ішінде жеке кәсіпкерлерге) және заңды тұлғаларға "бір терезе" қағидаты бойынша цифрлық сервистер түрінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын беруге арналған интернет желісінде: https://ismet.kz, https://oofd.kz электрондық мекенжай және олардың қосалқы домендерінде орналасқан интернет-сайттар түріндегі оператордың электрондық ақпараттық жүйесі.

Пароль — жеке кабинетке кірген кезде пайдаланушыны сәйкестендіруге арналған әріптік-цифрлық код.

 Серіктестер - оператормен жасалған шарттар негізінде, оның ішінде Оператордың жұмыс процестеріне қызмет көрсету үшін кез келген қызметтерді сапалы көрсету немесе ілгерілету мақсатында Оператор тартатын тұлғалар.

Дербес деректер - қызметтерді көрсету тәртібімен өңделетін пайдаланушының электрондық ақпараттық ресурстары, осындай ақпарат негізінде айқындалған немесе айқындалатын жеке тұлғаға (дербес деректер субъектісіне) қатысты кез келген ақпарат, оның ішінде оның тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, айы, күні және туған жері, мекенжайы, кірістері, Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" және "Ақпараттандыру туралы" заңдарында көзделген басқа да ақпарат.

Пайдаланушы - сервистерді пайдалану мақсатында осы Келісімді жасасқан заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.

"Әлеуетті пайдаланушы" - осы Келісім шарттарын қабылдауға ниетті заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.

Тіркеу - әлеуетті пайдаланушының өзі туралы дұрыс ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық пошта мекенжайын беруді қамтиды, өзінің ұялы телефонының нөмірі, сондай-ақ ол ұсынатын заңды тұлға туралы мәліметтер (атауы және БСН), жеке логин мен парольді қалыптастыру, әлеуетті пайдаланушының ЭЦҚ тексеру рәсімі және әлеуетті пайдаланушының сайттың тиісті нысандарын толтыруы, сайттағы сервистерді пайдалану үшін пайдаланушының есептік жазбасын жасау, ол туралы ақпарат сайттарда орналастырылған

Оператордың сайттары (сайттар) — интернет желісінде https://oofd.kz және https://ismet.kz мекенжайлары және олардың қосалқы домендері  бойынша орналасқан оператордың интернет-ресурстары, оператордың пайдаланушылармен интерактивтік өзара іс-қимылы үшін жалпыға қолжетімді ақпараттық алаңдарды білдіреді.

Сервистер- пайдаланушының нәтижесінде қажетті ақпаратты жариялау және ұсыну, серіктестердің өнімдері мен қызметтерін алуға сұрау салу, сұралған және ұсынылатын қызметтерді олардың өмірлік циклінде басқару құндылыққа ие іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сайттар функцияларының жиынтығы.

Келісім - "ISMET.KZ" және "OOFD.KZ" және олардың қосалқы домендерінде ашық цифрлық платформасында барлық толықтырулармен, өзгерістермен және онда көрсетілген міндетті құжаттармен, шағын және орта бизнеске арналған қызметтерге қол жеткізу үшін сайттарды пайдалану тәртібі туралы жария офертаның осы үлгі шарты.

Тарифтік жоспар - қызметтердің тізбесі мен құнын, оларды ұсыну ерекшеліктерін, тарифтеуді және қолданылу мерзімін айқындайтын оператор белгілейтін тарифтік ұсыныстар жүйесі. Тарифтік жоспарлардың сипаттамасы және тарифтік жоспарға енгізілген қызметтерді көрсету шарттары "ISMET.KZ" және "OOFD.KZ" және олардың қосалқы домендерінде сайтындағы қызметтер каталогында көрсетілген.

Үлгі шарт - заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шарт және/немесе Оператор бекіткен фискалдық деректерді қабылдау, өңдеу, сақтау және салық органдарына өзгеріссіз түрде тапсыру қызметтерін көрсетуге арналған үлгі шарт.

Қызметтер – пайдаланушымен жасалған үлгілік шартқа сәйкес оператор көрсететін телекоммуникация қызметтері, ФДО және ақылы қызметтері және ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтер.

ФДО қызметі - салық органдарына деректерді тапсыру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдана отырып жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу операциялары туралы электрондық ақпаратты өзгеріссіз түрде қабылдау, өңдеу, сақтау және беру қызметі және тарифтік жоспарға енгізілген өзге де қызметтер. Оператордың ФДО қызметтерін көрсету шарттары салық органдарына фискалдық деректерді өзгеріссіз түрде қабылдау, өңдеу, сақтау және беру қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шартпен айқындалады.

Пайдаланушының есептік жазбасы - пайдаланушы туралы деректерді сақтайтын, оны танып білуге (аутентификациялауға) және оның жеке деректері мен жеке кабинеттегі баптауларға рұқсат беруге қажетті оператор жүйесіндегі жазба.

Деректерді өңдеу орталығы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылау-касса машинасын қолдана отырып жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу операциялары туралы электрондық ақпаратты қабылдауға, өңдеуге және сақтауға мүмкіндік беретін бағдарламалық-аппараттық кешен орналасқан мамандандырылған бөлме.

"Цифрлық сервистер" - пайдаланушыларға онлайн-сервис бойынша автоматтандырылған қызметтерді алуға мүмкіндік беретін сайттарда орналастырылатын бағдарламалық өнімдер немесе бағдарламалық қамтамасыз ету.

ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

"Электрондық мекенжай" - әлеуетті пайдаланушы тіркеу нысанында көрсеткен электрондық пошта мекенжайы.

"SMS-хабарлама" - әлеуетті пайдаланушыға/ пайдаланушыға активтендіру кодын немесе цифрлық сервистерді пайдалану туралы хабарламаларды жіберу үшін ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша ұялы байланыс операторы көрсететін қызмет.

 

2. Жалпы ережелер


1. Осы Келісім бойынша Оператор пайдаланушыға сайттарға кіру рұқсатын беруге міндеттенеді, ал Пайдаланушы осы Келісімнің шарттарына сәйкес сайттарда орналастырылған қызметтер мен сервистерді пайдалануға міндеттенеді.

2. Осы Келісім сайттарды пайдаланудың жалпы шарттарын айқындайды. Келісімнің қолданыстағы редакциясы сайттарда орналастырылады.

3. Осы Келісім Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабының 5-тармағына сәйкес жария оферта болып табылады.

4. Сайттарды пайдалану үшін пайдаланушы сайтта орналастырылған нұсқаулыққа сәйкес сайттардың бірінде тіркеуден өтуі қажет. Пайдаланушыны сайттарда тіркеу осы Келісімнің акцепті болып табылады және пайдаланушының:

1) сайтта тіркелгенге дейін осы Келісімнің шарттарымен толық көлемде танысқанын;

2) осы Келісімнің барлық шарттарын қандай да бір алып тастауларсыз және шектеулерсіз толық көлемде қабылдайтынын, келісімге қосылатынын және оны сақтауға міндеттенетінін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) оператордың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен пайдаланушының дербес деректерін және пайдаланушылар сайттарда пайдаланушылар ұсынған өзге де ақпаратты, соның ішінде абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинауға, сақтауға және өңдеуге, сайттар арқылы оған сервистер көрсету, ұсынылатын сервистердің сапасын жақсарту мақсатында, сондай-ақ Келісімде көзделген өзге де мақсаттарда өз келісімін;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдарға абонент туралы қызметтік ақпаратты беруге өз келісімін беретінін - білдіреді.

5. Пайдаланушы Келісімнің ережелерімен келіспеген жағдайда, сайттарды пайдалану, сондай-ақ тіркеу рәсімі дереу тоқтатылуы тиіс.

6. Келісімнің ережелерімен келісе отырып, Пайдаланушы өзінің құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін, тіркеу кезінде өзі енгізген деректердің дәлдігін, дұрыстығы мен толықтығын растайды және дұрыс емес немесе толық емес ақпарат ұсынудан туындаған қолайсыз салдарлар үшін өзіне барлық жауапкершілікті қабылдайды, сондай-ақ оператордың және/немесе оның серіктестерінің мазмұны, цифрлық сервистері және басқа да қызметтері туралы ақпаратты қамтитын оператордан және/немесе серіктестен ақпараттық хабарламаларды, жарнамалық, SMS-хабарламалар және (немесе) электрондық пошта және (немесе) жеке кабинетке Жолдау арқылы "пайдалы хаттарды" жіберуге келіседі».

7. Егер мұндай орналастыру кезінде өзгерістердің күшіне енуінің неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, оператор келісімді Енгізілген өзгерістер күшіне енетін күнге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей Келісімнің өзгертілген редакциясын сайттарда орналастыру арқылы біржақты тәртіппен өзгертуі мүмкін. Келісімге өзгерістер, егер мұндай орналастыру кезінде өзгерістердің күшіне енуінің неғұрлым ұзақ мерзімі айқындалмаса, келісімнің өзгертілген редакциясы алғаш орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң күшіне енеді. Келісімнің өзгертілген нұсқасы сайттарда алғаш жарияланған сәттен бастап оператор енгізген өзгерістер туралы пайдаланушы хабардар етілген болып саналады. Пайдаланушы оператор енгізген өзгерістермен келіспеген жағдайда, жеке кабинет арқылы тиісті өтініш жолдай отырып, оған ЭЦҚ-мен қол қоя отырып, осындай өзгерістер күшіне енген күнге дейін келісімнен бас тартуға құқылы. Операторға көрсетілген мерзімде мұндай өтініштің түспеуі пайдаланушының келісімнің өзгертілген шарттарын сөзсіз қабылдауын білдіреді.

 

3. Сайттарды пайдалану тәртібі


8. Сайттарды пайдалануға осы Келісімде көзделген талаптармен жол беріледі. Сайттарға кіру ақысыз негізде ұсынылады.

9. Сервистерді пайдаланудың толық мүмкіндігін алу мақсатында пайдаланушыға ЭЦҚ болуы және сайттарда орналастырылған нұсқаулыққа сәйкес тіркеуден өту қажет. Тіркеу ерікті және тегін болып табылады. ЭЦҚ болмаған жағдайда, сайттар ақпаратты қарау үшін ғана қолжетімді.

10. Тіркеу кезінде пайдаланушы операторға қажетті сенімді және өзекті ақпаратты ұсынуға міндетті. Пайдаланушы тіркеу кезінде берілген ақпараттың анықтығына, өзектілігіне, толықтығына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне және оның үшінші тұлғалардың наразылығынан тазалығына жауапты болады.

11. Тіркеу оның барлық кезеңінен сәтті өткен жағдайда ғана аяқталды деп саналады.

12. Пайдаланушы сайтта бір ғана пайдаланушының есептік жазбасын тіркеуге құқылы.

13. Пайдаланушыны сайтта тіркегеннен/ сәйкестендіргеннен кейін пайдаланушыға сайттардағы жеке кабинеттерге рұқсат беріледі.

14.  Жеке кабинеттерде пайдаланушыға келесі мүмкіндіктер беріледі:

 1) сауда орнын құру;

 2) кассаны құру (ФДО қызметін пайдаланушылар үшін);

 3) қызметтерді қосу/бастарту;

 4) қызметтер бойынша тарифтік жоспарды таңдау/өзгерту;

 5) Жеке есеп-шотындағы ақшалай қаржыларға иелік етеді;

 6) пайдаланылған қызметтер бойынша детализация алу;

 7) Жеке кабинетте сайттың басқа қол жетімді мүмкіндіктерін пайдалану.

15. Сайттарды дамыту барысында Оператор жеке кабинетте пайдаланушыға қолжетімді сервистер тізімін пайдаланушыға алдын ала хабарламай өзгертуі мүмкін.

16. Пайдаланушы осымен хабардар етіледі және келесілермен келіседі:

1) пайдаланушы ЭЦҚ және авторизациялау деректерінің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді. Пайдаланушының ЭЦҚ және/немесе оның логині мен паролі арқылы жасалған жеке кабинеттердегі барлық іс-әрекеттер пайдаланушының ЭЦҚ-ға және/немесе авторизациялық деректеріне рұқсатсыз қол жеткізу Үшінші тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері нәтижесінде жүргізілгені дәлелденгенге дейін пайдаланушының жеке өзі жасаған болып саналады. пайдаланушы қауіпсіздікті бұзудың және пайдаланушының ЭЦҚ-сына және/немесе оның авторизациялық деректеріне рұқсатсыз кірудің барлық жағдайлары туралы операторды дереу хабардар етуге міндеттенеді. Пайдаланушы осы міндетті орындамаған жағдайда пайдаланушы өз бетінше және толық көлемде пайдаланушының ЭЦҚ пайдаланумен және/немесе оның логині мен паролімен жасалған әрекеттер үшін жауапты болады. Тексеру жүргізу үшін пайдаланушының есепке алу жазбасы техникалық бұғаттауға ұшырауы мүмкін;

2) сайттар үнемі толықтырылып, жаңа функционалдылықты жаңарту сатысында болғандықтан, қызметтер пайдаланушыға алдын-ала ескертусіз мезгіл-мезгіл өзгеруі мүмкін;

3) сайттарды пайдалану және деректерді беру интернет желісіне қолжетімділік болған жағдайда ғана мүмкін болады. Пайдаланушы өз есебінен сервистерді пайдалану мақсатында Интернет желісіне қолжетімділікті және жеке кабинетке кіру және сервистер мен Қызметтерді басқару жүзеге асырылатын өзінің жабдығын баптауды, сондай-ақ оны үшінші тұлғалардың қолжетімділігінен қорғауды қамтамасыз етеді;

4) Пайдаланушы осы Шартты бұзған жағдайда Пайдаланушының жеке кабинеттеріне кіруін және сервистер мен Қызметтерді басқару мүмкіндігін оператор тоқтата тұруы немесе тоқтатуы мүмкін;

5) Егер пайдаланушы сайттарда 6 (алты) ай және одан да көп уақыт бойы белсенді болмаса (авторизация деректерін пайдаланатын сайттарға және олардың қосалқы домендері тіркелмеген) және/немесе Пайдаланушы осы Шарттың талаптарын бұзса, Оператор жазбаша электрондық хабарламаны бір мезгілде жібере отырып, Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Шартты бұзу және қызмет көрсетуді тоқтату сәті Пайдаланушыға тиісті электрондық хабарлама жіберілген күн болып саналады. Шарт бұзылған сәттен бастап Платформадағы Пайдаланушы туралы барлық деректер (профиль, Жеке кабинет және т.б.) жойылуға жатады және Қызметтерді басқару мүмкіндігі тоқтатылады;

6) Оператор, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілсе немесе мұндай қарау, пайдалану, ашу немесе сақтау осы Шартты және/немесе "Қазақтелеком" АҚ телекоммуникация қызметтерін көрсетуге арналған шартты орындау үшін негізді түрде қажет болып табылса, пайдаланушының есептік жазбасы туралы ақпаратты және олардың кез келген ықтимал бұзылуын тергеуді қоса алғанда, пайдаланушының деректерін Жеке кабинетте қарауға, пайдалануға, сақтауға және/немесе ашуға құқылы. Мына жағдайларда: қауіпсіздікке төнетін қатерлерді, алаяқтықты немесе техникалық ақауларды анықтау, алдын алу немесе оларға өзге де ден қою үшін; маркетингтік зерттеулер жүргізу үшін;

7) Пайдаланушының өзі орналастырғысы келетін ақпаратында құқыққа қайшы келетін  контент, жалған ақпарат немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына тыйым салынған, шектелген немесе сәйкес келмейтін өзге де ақпарат белгілері болған немесе Платформа иесінің қызметтер көрсетуі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін жағдайларда Оператор қызметтер көрсетуді тоқтата тұруға құқылы.

8) Егер қызметтер көрсету тоқтатыла тұрған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін міндеттемелерді бұзу не қызметтер көрсетуді тоқтата тұруға себеп болған өзге де мән-жайлар жойылмаса, Оператор осы Шартты біржақты тәртіппен бұзу жолымен, электрондық хабарлама жіберу арқылы шартты бұзу күніне дейінгі кемінде 2 (екі) жұмыс күні мерзімде қызметтерді көрсетуден бас тартуға құқылы. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін осы Шарт заңды күшін жояды.

9) Оператор пайдаланушыға қатысты басқа пайдаланушылардан шағымдар келіп түскен, спам жіберілген, платформаны пайдалану шарттарын бірнеше рет немесе қасақана бұзған, профильді бұзған, Пайдаланушы Оператордың сұранысы бойынша заңды тұлға - Пайдаланушының жойылғаны туралы құжаттарды немесе ақпаратты ұсынбаған, сондай-ақ Пайдаланушының мінез-құлқында алаяқтық белгілері анықталған немесе осыған ұқсас басқа да жағдайлар болғанда, қызмет көрсетуді тоқтата алады.

10) Оператор серіктестермен жасалған шарттар негізінде сайттардың қажетті функционалдығын ұсыну үшін серіктестердің қызметтерін пайдаланады;

11) Оператор сайттардың және сервистердің жұмыс істеуі, оператордың және/немесе серіктестердің қызметтер көрсету шарттары туралы ақпаратты, ақпараттық, жарнамалық немесе өзге де хабарламаларды пайдаланушының жеке кабинеттеріне орналастыруға құқылы.

17. Пайдаланушы міндетті:

1) Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасын сақтауға міндетті;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылатын, таратылатын контенттің дұрыстығын тексеруге;

3) жалған ақпаратты орналастырмауға, таратпауға;

4) заңсыз контентті орналастырмауға, таратпауға;

5) ерікті қайырмалдықтарды жинау кезінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;

6) Шартта айқындалған жағдайларда сайттарды пайдалануға;

7) өз жабдықтарын реттеу жөнінде тиісті шаралар қабылдауға;

8) сайттардың жұмысына әсер ететін бөгде бағдарламалық жасақтаманы және басқа да техникалық құралдарды пайдаланбауға;

9) сайттарда тіркелу (есептік жазба жасау) кезінде шынайы деректерді ұсынуға, сондай-ақ сайттар мен сервистерді пайдалану процесінде оларды уақтылы жаңартуға міндетті;

18. Пайдаланушыға тыйым салынады:

1) сайттар мен сервистердің қалыпты жұмыс істеуін бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруға;

2) сайттар мен сервистерді коммерциялық мақсаттарда не осы Келісімде қамтылмаған өзге де мақсаттарда пайдалануға;

3) аталған және (немесе) басқа да зиянды бағдарламаларды вирустарға, трояндарға, зиянды бағдарламалық қамтылымға жүктеу, сақтау, жариялау, тарату және (немесе) оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету немесе өзгеше түрде пайдалануға;

4) кез-келген жолмен, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, алдау, сенімді теріс пайдалану, бұзу, басқа пайдаланушының логині мен пароліне қол жеткізуге тырысуға.

19. Үшінші тұлғалардың деректерін тіркеу кезінде олардың келісімінсіз пайдалану фактісі анықталған жағдайда, Оператор пайдаланушыны бұл туралы жазбаша хабардар ете отырып, пайдаланушының есептік жазбасын жоюға құқылы.

 

4. Дербес деректер


20. Осымен пайдаланушы/әлеуетті пайдаланушы операторға сайттарға тіркелу (есептік жазба жасау) кезінде, сондай-ақ сайттарды пайдалану процесінде енгізілген өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім береді.

21. Пайдаланушының/әлеуетті пайдаланушының дербес деректерін жинауды және өңдеуді оператор мынадай мақсаттарда жүзеге асырады:

1) пайдаланушыға сайттарды және сервистерді пайдалану құқығын беру;

2) пайдаланушымен байланысу үшін, оның ішінде сайтты, сервистерді пайдалануға, оператордың және/немесе серіктестердің қызметтерін көрсетуге қатысты хабарламаларды, сұрау салуларды және ақпаратты жіберу үшін;

3) иесіздендірілген деректер негізінде маркетингтік, талдамалық және өзге де зерттеулер жүргізу үшін.

22. Пайдаланушының/әлеуетті пайдаланушының дербес деректерді өңдеуге келісімі операторға пайдаланушының/әлеуетті пайдаланушының дербес деректерімен мынадай әрекеттерді жасауға құқық береді: деректерді өңдеудің автоматтандырылған құралдарын қолданумен/қолданусыз жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және көлемде пайдалану және тарату, дербес деректерді иесіздендіру, бұғаттау, жою.

23. Пайдаланушы/әлеуетті пайдаланушы "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес дербес деректерді өңдеу нәтижесінде оператор алған иесіздендірілген деректер операторға тиесілі және оператордың тапсырмасы бойынша зерттеулер жүргізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету үшін серіктестерге және өзге үшінші тұлғаларға берілуі мүмкін екендігімен келіседі.

24. Оператор пайдаланушының/әлеуетті пайдаланушының дербес деректерін өңдеуді жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес өңделетін дербес деректердің құпиялылығы мен қорғалуын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Дербес деректерді өңдеу кезінде Оператор пайдаланушыдан/әлеуетті пайдаланушыдан алынатын дербес деректерді оларға заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, дербес деректерді жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, беруден, таратудан қорғау үшін, сондай-ақ пайдаланушыдан/әлеуетті пайдаланушыдан алынатын дербес деректерге қатысты өзге де заңсыз іс-әрекеттерден қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.

25. Пайдаланушының/әлеуетті пайдаланушының дербес деректерді өңдеуге келісімі сайттар мен сервистерді пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде, сондай-ақ пайдаланушы сайт пен сервистерді пайдалануды тоқтатқан күннен бастап 5 жыл ішінде қолданылады.

26. Пайдаланушы/әлеуетті пайдаланушы бұл туралы Операторға жазбаша хабарлай отырып, осы Келісімді кері қайтарып алуға құқылы.

27. Пайдаланушы/әлеуетті пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге өзінің келісімін кері қайтарып алған жағдайда, Келісімнің қолданысы және пайдаланушыға сервистер көрсету тоқтатылады.

 

5. Жауапкершілік


28. Осы Келісім орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Келісімге сәйкес жауапты болады.

29.  Пайдаланушы сайттарға тіркелу (есептік жазба жасау) кезінде өзі туралы дұрыс емес мәліметтер ұсыну, сайттар мен сервистерді пайдалану процесінде көрсетілген деректерді уақтылы жаңартпау, сондай-ақ оларды үшінші тұлғаларға беру және/немесе көрсетілген деректерге немесе жеке кабинетке үшінші тұлғалардың рұқсатсыз кіруіне әкеп соққан әрекеттерді немесе әрекетсіздікті жасау нәтижесінде туындаған тәуекелдер және ықтимал залал үшін жауапты болады.

30. Пайдаланушы келісім шарттарын бұзған жағдайда, Оператор кез келген уақытта пайдаланушыға хабарламай-ақ, сайттарға/жеке кабинеттерге пайдаланушының кіруін шектеуге немесе бұғаттауға құқылы.

31. Пайдаланушы Келісімнің шарттарын бұзған жағдайда, осындай әрекеттермен келтірілген, тікелей және жанама шығындарды қоса алғанда зиянды пайдаланушы операторға өтеуге міндеттенеді.

32. Оператор жауапты емес:

1) Операторға тәуелсіз себептер бойынша немесе сайттар мен оның құрамдауыштарына қызмет көрсету бойынша жоспарлы немесе жоспардан тыс іс-шаралар жүргізілген жағдайда туындаған сайттар мен оның құрамдауыштары жұмысындағы техникалық уақытша іркілістер мен үзілістер үшін;

2) байланыс желілері жұмысындағы уақытша іркілістер мен үзілістер, өзге де ұқсас іркілістер үшін, сондай-ақ пайдаланушы сайттарға және оның құрамдауыштарына қол жеткізуді жүзеге асыратын компьютердің, мобильдік байланыс құрылғысының ақаулары үшін; 3) басқа пайдаланушылардың, көрсетілетін қызметті берушілердің және сайттар мен оның құрамдауыштарының кез келген басқа қатысушыларының әрекеттері үшін;

4) жоғалған пайданы, пайдаланудан келтірілген залалды, деректердің жоғалуын немесе қандай да бір басқа да ысыраптарды, бедел залалын және: пайдаланушының сайттарды және оның құрамдауыштарын пайдалануы; оператордың кінәсінен болмаған сервистерді, пайдаланушының жеке кабинетін рұқсатсыз пайдалану; пайдаланушының сервистерді пайдалану және қызметтерді басқару жөніндегі дұрыс емес іс-әрекеттері салдарынан туындайтын өзге де залалды қоса алғанда, кез келген тікелей, жанама залал үшін.

 

6. Хабарлар мен хабарламалар


33. Тараптар электрондық пошта арқылы алынған құжаттар мәтіндерінің заңды күшін қағаз жеткізгіште қарапайым жазбаша нысанда орындалған құжаттармен тең дәрежеде сөзсіз танитынына уағдаласады.

34. Тараптар электрондық пошта мекенжайларына (Оператор үшін - Келісімде және/немесе сайттарда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына, пайдаланушы үшін – сайттарда тіркеу (есептік жазба жасау) кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына) алынған барлық хат алмасу, хабарлар мен хабарламалар тиісті нысанда адресатқа жеткізілген болып саналатынына сөзсіз келіседі.

35. Тараптар міндетті:

1) электрондық пошта өзгерген жағдайда оны жаңартуға;

2) электрондық пошта мекенжайларына келіп түсетін хат-хабарларды уақтылы тексеруге.

36. Осы Келісім тармағының талаптарын сақтамау салдарынан қолайсыз салдарлардың туындауына байланысты барлық тәуекелдерді осындай бұзушылыққа жол берген Тарап көтереді.

 

7. Басқа шарттар


Осы келісімде тікелей көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

37. Осы Келісімге байланысты даулар сотқа дейінгі реттеу тәртібімен шешілуге тиіс. Егер Тараптар туындаған дау бойынша кінә қоюды немесе өзге де өтінішті Тараптардың бірі алған кезден бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өзара келісімге келмеген жағдайда, осы Келісімге байланысты туындаған даулар Қазақстан Республикасының сотында түпкілікті реттелуі тиіс.

38. Осы Келісім пайдаланушы мен оператор үшін пайдаланушы келісімге қосылған кезден бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзім ішінде қолданылады.

 

8. Оператор туралы мәліметтер

 

 «Қазақтелеком» АҚ
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Cұлтан қаласы, Есіл ауданы, Сауран к-сі, 12-үй
БСН 941240000193

Осы Келісім шеңберінде пайдаланушылармен өзара іс-қимылды "Қазақтелеком" АҚ атынан "Қазақтелеком"АҚ филиалы-Корпоративтік бизнес жөніндегі дивизион жүзеге асырады.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан к-сі, 115-үй, 4-қабат.
e-mail: mark@ismet.kz  и help@oofd.kz
БСН 000 341 001 112,
ЖСК KZ716017131000000937, "Қазақстан Халық банкі" АҚ, БИКHSBKKZKX, Кбе 16, КНП 852